Ана мен балаға зорлық көрсеткендерді өлім жазасына кесу ұсынылды

Ана мен балаға зорлық көрсеткендерге өлім жазасы тағайындалсын. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы бүгін осындай үндеу жолдады. Депутаттың пікірі жазылған бейнежазба Сенаттың ресми сайтына жарияланды. Онда халық қалаулысы бүгінде әйел мен бала зорлап немесе адам ұрлап аса ауыр қылмыс жасағандарды жазалау өкінішке орай аса қатаң еместігін айтады. Яғни қолданыстағы Қылмыстық кодекс оған мүмкіндік бермейді. Бұған дейін де бірқатар сенатор оған өлім жазасы жайлы норманы қайта енгізуді ұсынған, бірақ ол қолдау таппаған еді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу