АНАСЫ МЕН 3 БАЛАСЫ ГАЗДАН УЛАНЫП ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Бүгін Маңғыстау облысында жантүршігерлік оқиға болды. Мұнайлы ауданының Батыр ауылында ана мен үш бала газдың иіснен уланып, қайтыс болды. Мұны өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Олардың мәліметі бойынша, отбасы газдан уланып қалған. Дер кезінде отағасы мен тағы бір бала құтқарылды. «Олардың жағдайлары ауыр»,- дейді дәрігерлер. Сонымен қатар, Шымкентте тұтас бір отбасы уланып қала жаздады. Төтенше жағдай салдарынан емізулі нәресте көз жұмды. Тағы екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың қандай жолмен уланғаны әлі белгісіз. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, улану төмен қабаттағы пәтерлерді жәндіктерден дезинфекциялау жұмысының кесірінен болуы мүмкін. Қазір қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу