APPLE ЖАҢА ӨНІМНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІН 15 ҚЫРКҮЙЕККЕ БЕЛГІЛЕДІ

Apple корпорациясы 15 қыркүйекте  жаңа өнімдерінің тұсаукесерін өткізеді. Бұл туралы дерек компанияның сайтында жарияланды. Іс-шара онлайн жүйеде Калифорниядағы кампустан таратылады. Америкалық кәсіпорын жыл сайын күзде жаңа топтамасын жасайды. Бұл жолы қандай өнімдердің соңғы үлгісі ұсынылатыны белгісіз. Әдетте, айфон смарфтонының жаңасының тұсауы кесіледі. Карантин кезінде аталмыш брендке деген сұраныс артқан.  19-тамызда $2 трлн көрсеткішіне қол жеткізді. Қаперде болса, 1976 жылы құрылған Apple - iPhone және iPad-тан басқа iMac компьютерлерін, MacBook ноутбуктерін, iPod музыкалық ойнатқыштарын және басқа да жоғары технологиялық техниканы шығарады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу