ӘРҚАЙСЫСЫНЫҢ ҚҰНЫ 12 МЛН ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН 12 ДӘРЕТХАНА

12 млн теңге. Маңғыстауда әрқайсысының құны осынша тұратын 12 дәретхана салынбақ. Бұл мақсатқа бюджеттен 144 миллион теңге бөлінді. Жергілікті әкімдік туризмді дамытуға ат салуға дайын бизнесмендер іздеуде. Кәсіпкерлерге тас жол бойынан этноауылдар, дәмханалар мен дәретханалар салу ұсынылатын болады. Мәселен, Бозжыра немесе Ақмыш жерінде арнайы туризм алаңдарын жасау жоспарлануда. Онда кәсіпкерлер туристер үшін бар жағдай жасалатын нысандар құруы тиіс. Өйткені шетелдік туристер табиғат сұлулығын бағалайды. Маңғыстауда саяхат жасайтын жерлерде санитарлық орындардың жағдайлары сын көтермейді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу