АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН КӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРТІЛЕДІ

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу ережесі өзгертілмек. Бұл Ішкі істер министрлігінің жаңа бұйрығында жазылған. Түзетулер рәсімдеу құжатының 16-1 тармағына енгізілген. Онда басқару жүйесі сол жақта орналасқан темір тұлпарларды тіркеу реті көрсетілген. Жобаға сәйкес, көлік иелерінде жеке бас құжаты, міндетті жарна және шетелден берілген рәсімдеу куәлігі болуы қажет. Сондай-ақ, сәйкестендіру номерінде кемінде 17 белгі болса, конструкция қауіпсіздігі туралы құжат ұсынылуы тиіс. Егер автокөліктің рамасы немесе негізгі шанағы ауыстырылса, онда 53-тармақ негізінде, қауіпсіздікке тексеру хаттамасы берілуі қажет.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу