Қаржы мәселелері жөніндегі халықаралық дөңгелек үстел

Еуразия ұлттық университетінің қаржы кафедрасы төл валютамыз теңге күніне орай апталық өткізуді әдетке айналдырған. Биыл бес күндік ғылыми-әдістемелік семинарлар легі халықаралық дөңгелек үстел жиынымен қорытындыланды. «Цифрлы қаржы» тақырыбында өткен кеңеске Ресейдің Пенза, Алтай университеттерінің оқытушылары келіп қатысты. Қонақтар біреше күн бойы кафедра студеттеріне дәріс оқып, оқытушылар құрамымен іс-тәжірибе алмасты. Ал, ұлттық валюта күніне орайластырылған ғылыми жиынға қазынашылық комитеті, есеп палатасы мен Ұлттық банк секілді қаржы мекемелерінің мамандары да қатысты. Аймақтардағы әріптестері болса халықаралық шараның барысын онлайн форматта бақылады. Айта кету керек, биылдан бастап Еуразия ұлттық университетінің қаржы кафедрасы екі басым бағыт бойынша жаңартылған білім бағдарламасын іске қосқан. Университет мемлекеттік және банк қаржы мамандарын дайындап шығарады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу