АСҚАР МАМИН: КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП «ҚАҒАЗ» АНЫҚТАМАЛАР ЖОЙЫЛАДЫ

Келер жылдан бастап «қағаз» анықтамалар толығымен жойылуы тиіс. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин осындай міндет жүктеді. Елімізде жалпы 700-ге жуық мемлекеттік қызмет бар. Оның 85 пайызы онлайн түрде көрсетіледі. Жауапты министрлік басшысы Бағдат Мусин дәл осы көрсеткіш келер жылы 90 пайызға жеткізілетінін мәлімдеді. Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтердің элеткрондық форматы ақсап тұрған өңірлер де аталды. Ол қай аймақтар? Біз оны тікелей байланысқа шыққалы тұрған Қарлығаш Темірбайқызынан білеміз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу