«АСТАНА» КӘСІБИ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ СЫБАЙЛАСТАРЫМЕН БІРГЕ 2 МЛРД ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН

«Астана» кәсіби спорт клубының басшылары 6 велосипедті қосалқы бөлшектерімен қоса 92 млн теңгеге сатып алған. Алайда құны жол талғамайтын көліктен де қымбат спорт жабдығы сол беті елге жеткізілмеген. Бұл «Самұрық-Қазына» қорының спортты дамытуға бөлінген қаражатын жымқырудың бір тәсілі ғана. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана» кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиков және «Astana Pro Team» велокомандасының» жетекшісі Лаззат Шамшиева және «Astana Motorsports» жетекшісі Артур Ардавичуске қатысты қозғалған қылмыстық істің деректерін жариялады. Сыбайластар 2016-2018 жылдар аралығында жалған келісімдер жасау және жалған актілерге қол қою жолымен 2 млрд теңгегі қалтаға басқан. Қазіргі уақытта Кульчиков және Шамшиева тергеу изоляторына орналастырылған. Ал, Ардавичусқа Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктілердің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қымбат мүліктері, автотранспорттық құралдар, элиталық пәтерлері мен жер учаскелері анықталып, тыйым салынды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу