ASTANA MEDIA WEEK: ТЕЛЕВИЗИЯ КОНТЕНТ ШЫҒАРАТЫН ФАБРИКАҒА АЙНАЛАДЫ

Жаңа медиа нарыққа телевизия қалай ілесіп келеді? Жалпы ілесе алып жатыр ма? Бұл бүгін Нұр-Сұлтанда басталған кезекті ASTANA MEDIA WEEK-тің басты тақырыбы. Себебі осыдан 3-4 жыл бұрын көп арнада тіпті СММ бөлім ашу деген түсінік те болмаған еді. Ал қазір медиа мен әлеуметтік желі тұтас құрылымға айналды. Ал ютуб платформасы тіптен басты ақпарат тарату жүйесіне ұласты. Бірақ мұнда бәрібір басты ойыншы – аудитория. Пандемия жағдайына байланысты ASTANA MEDIA WEEK те онлайн форматта өтіп жатыр. Шара 3 күнге жалғасады. Басты спикерлердің қатарында «Атамекен бизнес» арнасының бас директоры Қанат Сахария бар. Оның пікірінше, алдағы 5-6 жылда телевивизия диджетел платформаға толық өтеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу