«АСТАНА» мен «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» матчының қарсаңында билеттер қымбаттады

Астана мен Манчестер юнайтед арасындағы матч қарсаңында билеттер бағасы күрт қымбаттап кетті. Бастапқы сатылымда құны 4 мың теңгені құраған. Қазір ойын уақыты жақындаған сайын билеттің ең төменгі бағасы 40 мың теңге боп тұр. Десе де, футбол жанкүйерлері үшін бұл кедергі емес. Қазіргі таңда әлемге әйгілі қызыл сойқандарды күтіп алу үшін Елорда жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр. Сөзімді әріптесім Арай Сүгірбай жалғасын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу