АСТАНАДАҒЫ АҚЫЛЫ КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ДАУ СОТҚА ЖЕТТІ

Астанадағы ақылы көлік тұрақтарына қатысты дау сотқа жетті. Азаматтық істі Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өндіріске алды. Сот отырысына дайындық күні де белгілі болды. Ал жүргізушілерден заңсыз ақша жинады деп айыпталған компания басшылығы, алынған қаражат онсыз да қайтарылатын төлем деп ақталды. Өйткені жүйе тесттік режимде іске қосылғандықтан, есептесу құралын дәл солай тексеру керек болған. Осыған бола шағым түсірген әкімдікті бизнес өкілдері жұмысымызға кедергі келтірді деп отыр. Тараптардың пікірін әріптесім Гүлжайна Өмірбек тыңдап келді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу