АСТЫҚТЫ ЕЛДЕ ҰН ҚЫМБАТТАП БАРАДЫ

Биылғы  қуаңшылық астыққа да қиын болып тұр. Егер, бидай тиісті деңгейде жиналмаса онсызда бағасы шарықтап шыға келген ұнды қымбаттатып жіберуі ғажап емес. Мәсеселен, соңғы бір айда ұнның бірінші сұрыптысы – 19, ал жоғарғы cұрыптысы 23%-ға бірақ өскен.  

ҰН ЭКСПОРТЫНЫҢ АЗАЮЫ ІШКІ НАРЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Ұн экспортының азаюы ішкі нарыққа кері әсер етуі мүмкін. Салдары әлден байқалып жатыр. Қазірдің өзінде наурызда енгізілген шектеулерден  ұн өндірушілер 80 мың тонна жоғалтқан. Біздің ел Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстанға экспортты уақытша тоқтатқанда, Ресей нарықты жаулап үлгерген. Қазақстандық ұн өндірушілердің мәселесі оң шешілмесе не болады? Оны дәл қазір скайп арқылы байланысқа шыққан спикерден білеміз. 

Дос-Мұқасан Тәукебаев - "Мутлу" ұн тарту комбинатының директоры

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу