АТА-АНАЛАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТЫНА ПЕТИЦИЯ ЖОЛДАМАҚ

1. АТА-АНАЛАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТЫНА ПЕТИЦИЯ ЖОЛДАМАҚ

Жаңа оқу жылының басталғанына небары бір апта өтсе де, еліміздің қашықтан білім беру жүйесінің күл-талқаны шықты. Әлсіз интернет, қолданушының көптігіне шыдамай жатқан тегін платформалар, сабақ кезінде қосылып кеткен порнография. Мұның бәрі оқушылардың біліміне, ата-аналардың жүйкесіне кері әсер еткені анық. Енді олар қол жинап,  мемлекет басшысы мен білім және ғылым министрінің атына петиция жолдамақ. Ал мұны мұғалімдер қолдай ма? Кәусар Аяпберген анықтап көрді. 

2. БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕТИЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Ата-аналардың петициясына қатысты жауапты ведомствоға сұрау жолдағанбыз. Бір қызығы, офлайн оқытуды қайтаруға байланысты шешімді білімге жауапты ведомство шығармайтын көрінеді. 

3. 2 ТОҚСАНДЫҚ ОНЛАЙН ОҚУҒА 600 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН

Жалпы, қашықтан оқу үшін бір онлайн платформаға 600 млн теңге жұмсалған. Оның өзі тек 2 тоқсандық оқуға кеткен шығын. Қазір Білім медия груп компаниясымен 3500 мектеп келісім-шартқа отырған. Қыруар қаржы жұмсалған онлайн алаңның қаншалықты тиімді екенін Айзат Қайырлыбекқызы сараптап көрді. 

4. ИНТЕРНЕТ ІЗДЕП, ТАУ БАСЫНДА КҮНЕЛТКЕН АУЫЛ

Тау баласы тауға қолын созады деген мәтел Ізғұтты ауылының тұрғындары үшін әлі маңызын жоймаса керек-ті. Себебі, әлі күнге дейін ауыл тұрғындары қарапайым интернеттің  игілігін көре алмай отыр. Ауыл тұрғындарының сөзінше, байланыс  нүктесі таудың басынан басталады дейді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу