Атаулы әлеуметтік көмек алған 204 отбасы 17 млн теңгені бюджетке қайтарды

Ақтөбеде өзін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтажбыз деген 204 отбасы анықталды. Бүгінде олар мемлекет қазынасына 17 млн теңгені қайтарған. Бұл жайында облыс әкімімен жиында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов мәлімдеді. Айтуынша, қазір аймақта қайтадан тексеру жұмыстары жүргізілуде. 1227 отбасы табысын жасырып келген. 179 жеке кәсіпкер атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген. Оның 11-і кәсібі тоқтап қалғандар болса, 168-і жалақының ең төменгі көрсеткішінен аспайтын табыс иелері.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу