Атырауда нан бағасы қымбаттады

Атырауда нан бағасы қымбаттады. Қала тұрғындары ас атасын 95 теңгеге алуда. Бұдан бөлек қара нан мен батонның да бағасы өсті. Бүгінде мұнайлы астанада тәулігіне 50 мың нан өнімін шығаратын 13 жеке наубайхана бар. Иелерінің сөзінше, Оралдағы Желаев комбинаты ұн бағасын көтеріп жіберген. «Ал, пайда табуды ойлап, басқа өндірушілерден арзан ұнды сатып алсақ, нанның сапасы нашарлап кетеді» дейді олар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу