Атыраудағы ерекше қорғалатын аймақта жаппай құс қырылып жатыр. Осыдан бірер күн бұрын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жиырмаға жуық суқұзғын мен шағаланың өлексесін тауыпты. Келесі күні мониторинг жүргізу барысында мамандар тағы да жиырма шақтысын кездестірген. Енді қазір күніне онға өлі жуық қосқанатты тіркелуде. Маусымында бес миллионға жуық құс келетін мекенде мұндай жағдайдың орын алу себебі анықталып жатыр. Қазір биоматериал елордадағы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа» жіберілген. Ал, экология департаментінің мамандары резерваттан зертханалық талдау үшін су, топырақ және ауа сынамасын алды.