ӘУЕ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫНА 4 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Сондай-ақ бүгін әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден берілетіні белгілі болды. Бұл туралы қайғылы оқиға себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссия отырысында Асқар Мамин мәлімдеді. Премьер-министр зардап шеккендерге де қажетті қаржылай көмек көрсетілетінін айтты. Алайда бұл қаржы қайғы жұтқан отбасыларға жұбаныш болмайтыны анық. Арнамыздың түсірілім тобы апаттан мерт болған әріптесіміз Дана Круглованың ата-анасына көңіл айтып қайтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу