ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫ ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛУЫ МҮМКІН

Әуе компаниялары да Үкіметке алақан жайды. Олар 2021 жылдың соңына дейін қосымша құн салығынан босатуды сұрайды. Ішкі рейстерді орындаушылардың тілегін бүгін «Самұрық-Қазына» қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев жеткізді. Бұған қоса, әуежайларда техникалық қызмет көрсететін резидент еместерді де 2020 жылдың соңына дейін қосымша құн салығынан босату ұсынылып отыр. Жолаушылар санын арттыру үшін осыған ұқсас шара Ресей Федерациясында қабылданған. Ал бізде ішкі рейстер мамырдың 15-нен бастап жанданады деп күтілуде. Әуе кеңістігі ашылған күннің өзінде ең ірі саналатын Air Astana-ның жылдық табысы 140 млрд теңгеге кемиді. Егер бұл мерзім ұзартылса компаниялардың шығыны еселене түспек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу