АУЫЛДЫҚ ӘЙЕЛДЕРГЕ 4% ЖЫЛДЫҚ ҮСТЕМЕМЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ

Ауылда тұратын әйелдерге 4 пайыздық үстемемен 7 жылға дейін несие беріле бастайды. Оның көлемі 20 миллион теңгеге дейін жететін болады. Несие үй жағдайында бизнеспен айналысқысы келетін қыз-келіншектерге арналған. Бұл туралы Еңбек министрлігі жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатин хабарлады. Оның айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына микрокредит беру тетіктері қайта қаралды. Сондай-ақ, Абулхатин «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Мемлекет бастапқы бизнесті дамытуға 200 айлық есептік көрсеткішпен, яғни жарты миллион теңгеден астам қайтарымсыз қаржы береді. Ол сомаға практикалық білімі бар атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар мен әйелдер қол жеткізе алады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу