АУЫС-ТҮЙІС: СЕНАТҚА ӘШІМБАЕВ КЕЛДІ, АБАЕВ ТА ҚЫЗМЕТІН БОСАТТЫ

Еліміздегі дүйсенбілік саяси өмір Президенттен кейінгі жоғары лауазымды тұлғаны тағайындаумен басталды. Сенбіден бері ашық тұрған Сенат Төрғасының вакансиясы, ақыры, жабылды. Спикерді Тоқаевтың өзі бүгін Парламентке келіп таныстырды. Жоғарғы палата мемлекет басшысы ұсынған кандидатты бірауыздан мақұлдады. Сонымен, Президентке жіберілместен бұрын маңызды құжаттарды бекіту жауапкершілігі 49 жастағы Мәулен Әшімбаевқа бұйырды. Оның орны бос қалмады. Министрліктегі басшылар да дайлы креслосы мен үйреншікті кабинетін ауыстырды. Дариға Назарбаева бастаған кадрлық ауыс-түйістер толқынын Құралай Пионер жіпке тізіп шығады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу