АВТОПАРК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШУ ШЫҒАРДЫ

Семейде автопарк қызметкерлері шу шығарды. Әкімдіктің қасына жиналған бір топ жүргізуші мен кондуктор қалада енгізілген карантинге қарамастан, жергілікті биліктен өткен айдың жалақысын төлеуді талап етуде. Күнде ертеңмен тойдырып келе жатқан «SEMEY BUS» компаниясының басшысына сенуден қалдық дейді олар. Сондай ақ қазіргі төтенше жағдайда жұмыстарының тоқтап тұруына байланысты 42500 тг тағайындауды сұрауда. Жергілікті билік болса, өз тарапынан мәселенің шешілетінін айтқан.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу