АЯГӨЗ ИНТЕРНАТЫНДАҒЫ ЖАЙТ: ЭКСГУМАЦИЯДАН СОҢ 3 БАЛАНЫҢ ДЕНЕ ЖАРАҚАТЫНАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Аягөз балалар интернатындағы сұмдық жағдай. Эксгумациядан соң 3 баланың дене жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин мәлімдеді. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, үшеуінің де басына зақым келген. Ал төртінші балаға қатысты ақпарат әлі берілмеді. Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз ауданы арнайы қызмет көрсететін балалар орталығында белгсісіз себептермен 4 тәрбиеленуші көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі балалар ауырып, қайтыс болды деген еді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу