«АЯЛА» ҚОРЫ БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНА 2 ӨКПЕ ЖЕЛДЕТКІШ СЫЙЛАДЫ

«Аяла қоры» Алматыдағы балалар инфекциялық ауруханасына екі өкпе желдеткіш сыйлады. Медициналық құрылғылардың құны 72 млн теңгеден асады. Сонымен қатар, мамандар дәрігерлерге аталған техникамен жұмыс істеуді үйретті. Есте болса, өкпе желдеткіші - коронавируспен ауырып жатқан науқастардың демалуын жеңілдететін құрал. «Өмірге дем берейік» атты акцияға «Шеврон» компаниясы қолдау білдірген. Айта кетейік, «Аяла» қоры бұл жобаны 13 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде қор Қазақстандағы 30 ауруханаға жалпы сомасы 390 миллион теңгеге құрал жабдық алып берді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу