Аялдамадағы жол-көлік оқиғасы: Тағы бір оқушы көз жұмды

Қызылордада жол көлік оқиғасынан зардап шеккен тағы бір оқушы ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше сағат жан таласқан. Өкінішке орай науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. Жол апатынан қайтыс болған балалардың үшеуі де қаладағы 12-ші мектептің оқушылары. Жеткіншектер 20 жастағы жүргіузішісінің жол ережесін бұзып, өрескел әрекетінің құрбаны болып отыр. Оқиға кеше орталық көшелердің бірінде болды. Иномарка автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп Мерседеске ұрынып, артынан аялдамаға барып соғылған. Салдарынан бір үйдің екі бірдей баласы сол жерде тіл тартпай кетті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу