ҚАҢҒЫБАС ЖАНУАРЛАРДЫ АУЛАУҒА МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛУДА

Еліміздегі қаңғыбас жануарларды аулауға миллиардтаған қаражат жұмсалуда. Нақты сандарды келтірейін. Мына сызбаға назар аударсаңыздар. Бұл жерде 4 облыс - Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды мен Алматы қаласы бойынша мәлімет бар. 2015-жылдан бері бөлінген қаржының қарқынды артқанын байқау қиын емес. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулуға тек биылғы жылға Алматыда 99 млн теңге бөлінген. Қарағанды облысында да бұл бағытта аз қаржы жұмсалмайды. Осы жылға ғана 69  млн 165 мың теңге қарастырылған. Салыстырмалы түрде Жамбыл облсы сәл аздау ақша бөлген – 60 млн-нан астам. Жалпы есепті шығару үшін мен бөлінген қаржыны қостым. Соңғы 6 жылда барлығы 1 млрд 406 млн 737 мың 113 теңге шықты. Бұл біздің қолымызға тигені ғана. Бүкіл өңірлерді қоссақ бұдан да көп ақша шығатыны анық. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу