Қайырымдылық жасайтындар жеңілдіктерге ие болады

Қайырымдылық жасайтындар мемлекеттің жеңілдігіне ие болуы тиіс. Күні кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта өткен кездесуінде осылай - деді. Мемлекет басшысының сөзінше, елімізде қайырымдылық жасаушылар бар, бірақ бұл сала тиісті деңгейде дамымаған. Оған бірнеше себеп бар. Біріншісі – адамдардың сенімсіздігі, қаржының жұмсалуында ашықтықтың жоқтығы. Екіншісі – қайырымдылықпен айналысатындарға мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктің аздығы. Бүгінде кірісінің біразын мұқтаждарға жұмсайтын ірі бизнес иелері 3 пайыз салықтық жеңілдікке ие. Ал шағын және орта бизнес табысын 4 процент салықтан босатылады. Бірақ бұл жеңілдікті көбі пайдаланбайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу