ҚАЗАН АЙЫНАН БАСТАП ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТАҢБАЛАУ БАСТАЛАДЫ Бейнеқор

Елімізде 1-ші қазаннан бастап темекі өнімдері таңбалана бастайды. Ал ерекше белгісі бар тауарды сату үшін дүкендерде 2D сканер болуы керек. Оның құны 25 мың теңгеден басталады. Алайда, артық шығындалғысы келмеген кәсіпкерлер арнайы кодты оқи алатын тегін мобилді қосымшаны пайдалана алады. Нәтижесінде темекінің тұтынушыға жеткенше айналым жолы толық бақылауда болады. Бұл өз кезегінде контрафакт өнімнің жойылуына септік етуі тиіс. Себебі, арнайы белгі әр қорапқа соғылады. Ал таңбасы жоқ темекіні нарыққа шығарғандар мен таратқандар айыппұл арқалауы мүмкін. Бірақ биыл емес. Жауапкершілік келесі жылдан басталады. Айта кету керек, бұл темекі мен темекі өнімдерін таңбалаудың алғашқы кезеңі. 2021 жылдың сәуірінен бастап сигаралар мен өзге де темекі өнімдері таңбалана бастайды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу