Қазақстандықтар #cancelborat хештегі арқылы «Борат-2» фильміне қарсылықтарын білдіруде

«Борат-2» фильмінің жарыққа шығуына тыйым салынсын! Қазақстандықтар желіде хэштег арқылы атышуы туындыға қарсылықтарын білдіруде. Осылайша Кансел Борат яғни, фильмге тыйым салу хештегін қою арқылы көпшілікті наразылық білдіруге шақыруда. Хештегке шетелдік азаматтар да қолдау көрсетіп жатыр. Кейбірі тіпті фильм авторларының твиттердегі парақшаларына аталған туындының бүтін бір ұлттың ар-намысына тиіп, тәуелсіз мемлекетімізді қаралайтынын жазуда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу