ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР COVID-19 ҚАРСЫ ОТАНДЫҚ ЕКПЕНІ САЛДЫРЫП ЖАТЫР

Қазақстандық азаматтар коронавирусқа қарсы отандық ғалымдар дайындаған екпені салдырып жатыр. Олардың ішінде саясаттанушы Мақсат Жақау да бар. Оның айтуынша, вакцинаны қабылдауға келген ертіктілер өте көп. Алдымен олар арнайы сайтта анкета толтырған. Кейннен түрлі анализдер тапсырып, рентген мен ЭКГ түсірген. Денсаулығында ақауы жоқтарға ғана жаңа екпені егеді. Саясаттанушы өз кезегінде бұл ең тәжірибелі қазақстандық ғалымдардың дайындағанына жұмысына өз үлесім қосу дейді. Және ол оң нәтиже көрсетеді деген сенімде. Қазіргі уақытта барлық екпе салдырған күніне екі мәрте дәрігердің бақылауында болады екен. Бұл QazCovid-in вакцинасының клиникалық зерттеудегі екінші этапы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу