БАЙҚОҢЫРДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ БАЙБАЛАМЫ

Байқоңырда тасын өрге дөңгелеткен кәсіпкерлер бизнестерін тоқтатуға мәжбүр. Бұл туралы «Atameken business» телеарнасына отандасымыз Қуандық Жәнібеков мәлімдеді. Кәсіпкер ащы шындықты айтуға бел буған жалғыз бизнес өкілі. Қалған адамдар жалға алған мекемелерінен айрыламыз деген үреймен тіс жармайтын көрінеді. Айта кетуіміз керек, 2050 жылға дейін Ресей Федерациясымен жалға алынған «Байқоңыр» аймағында тұратын 77 мың тұрғынның 50 мыңға жуығы қазақстандықтар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу