Балиева: жасанды ұрықтандырудың зардабы туралы ақпарат неге жарияланбайды?

«ЭКО» - жасанды ұрықтандырудың зардабы туралы мәліметтерді ашық түрде жариялауға міндеттісіздер! Мәжілістегі жиында депутат Зағипа Балиева Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа осындай талап қойды. Парламентарийдің айтуынша тек Ресейде ғана «ЭКО»-дан болған сәтсіз жағдайлар туралы ақпараттар таралады екен. Негізінен бұл жиын «Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі» туралы Кодекстің таныстырылымына арналған. Айта кетейін, дәл осы құжат қоғамның наразылығын тудырған еді. Кейбір тұрғындар заң жобасында көрсетілген «Вакцина егуді бәріне бірдей міндеттеу» мәселесіне қарсы болған. Ал минстрдің өзі болса Кодекстің артық-кемі жоқ және бұл медицина саласына оң әсер етеріне сенімді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу