БАЛҚАШ ӘСКЕРИ ӘУЕ АЙЛАҒЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Балқаш әскери әуе айлағы күрделі жөндеумен кейін қайта ашылды. Қолданысқа берілген су жолаққа алғашқы болып Қорғаныс Министрі мінген ұшақ қонды. Мұнда Енді кез-келген жойғыш және бомбалаушы ұшақтар қиындықсыз қонып, ұша алады. Айта кету керек, әуе айлағы ашылғалы 52 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп отыр. Мұндағы қону жолағы тіпті Боинг немесе Эйрбас сынды үлкен жолаушылар ұшағын да қонуына мүмкіндік береді. Бүгіннің өзінде айлаққа 5 әуе компаниясы қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бастысы ұшқыштар айлатың жаңартылғанына қуанышты. Сөздерінше мұнда әскерилердің қауіпсіз ұшып- қонуы үшін барлық заманауи жабдықтар қарастырылған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу