БАЛКОННАН ӘН САЛҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Енді балконнан ән салғандар да жауапқа тартылады. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың айтуынша кешкі және түнгі уақыттарда тыныштықты бұзу фактісі көбейген. Еске салсам, карантинде үйде қамалған жұрттың балконға шығып, түрлі өнер көрсеткен бейне-жазбалары ғаламторда кең таралды. 23:00-ден кейін беймаза шулағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Елордалық бас полицей, сондай-ақ, бүлдіршіндердің қауіпсіздігіне де көңіл бөлуді сұрады. Төтенше жағдай кезінде екі бала терезеден құлап, өкінішке орай біреуі мезгілсіз көз жұмған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу