Банктерге жеңілдетілген автокредит үшін тағы 5,5 млрд теңге бөлінді

Қазақстанның Даму Банкі жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қосымша 5,5 млрд теңге бөлді. Бұл қаражатты еліміздің үш банкі игеруі тиіс. Атап айтқанда, Халық Банкі мен ВТБ 2 млрд теңгеден алса, Сбербанкқа – 1,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ енді Қазақстанның Даму Банкі кредиттік өтіміндердің бағдарлама талаптарына сәйкестігін мақұлдау процессін атқармайды. Бұл өтінімді қарастыру мерзімін қысқарту үшін жасалып отыр. Қаперде болса, Қазақстанның Даму Банкі жеңілдетілген автокредит бағдарламасын қаржыландыруға 2015 жылдан бері жалпы соммасы 62 млрд теңге бөлген болатын. Ақша аударымдары 5 мәрте транш арқылы жүргізілді. Бұл қаражатқа қазақстандықтар жеңілдетілген шарттармен елімізде құрастырылған 18 мыңға жуық су жаңа көлік сатып алуға мүмкіндігіне ие болды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу