БАС ПРОКУРАТУРА: ӘБІЛЯЗОВ ҚАЗАҚСТАННАН 7,5 МЛРД ДОЛЛАР ҰРЛАҒАН

Мұхтар Әбілязов елімізден оффшорлық мемлекеттер арқылы 7,5 млрд доллар жымқырған. Бүгін брифинг өткізген Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс көпшілікті қоғамға іріткі салып жүрген қылмыскердің арандатушы әрекеттерінен сақ болуға шақырды. Елімізде экстремистік ұйым деп танылған Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысының жетекшісі ұрланған қаражаттарға акциялар, элиталы үйлер мен пәтерлерді сатып алған. Тіпті отбасы мүшелері үшін 3 ұшақ сатып алып, олардың пайдаланылуына банктен жылына 1 млрд теңге жұмсап отырған. Әблязовтың алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар да зардап шегуде. Бүгінде экс-банкирді Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Украина мемлекеттері де қайтара алмай отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу