БАС ПРОКУРАТУРА «АРСЕЛОРМИТТАЛ ТЕМІРТАУДЫҢ» КІРІСІН АЗАЙТЫП КӨРСЕТКЕНІН РАСТАДЫ

«Арселор Миттал Теміртау» кірісін 20 млрд теңгеге азайтып көрсеткенін және өзге компанияларға қарызы барын Бас прокуратура мен үкімет растады. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың айтуынша, Қаржы министрлігі тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, «Арселор Миттал» Иран мен Қытайға экспорттаған тауардың бағасын түсіріп жіберген. Салдарынан Қазақстанға төлеген салығы азайған. Еске салайын, өткен жылдың соңында мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Арселор Миттал» кәсіпкерлердің құқын бұзды деген мәселе көтерген болатын. Болат өндіруші кәсіорын отандық компаниялардың алдындағы міндеттемелерін орындамаған. Сондай-ақ, шетелдік алпауыт табысын жасырып, салығын азайтып көрсетудің неше түрлі айла-тәсілдеріне барған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу