Бас Прокуратура Бағдат Манзоровтың ісіне қатысты Ұлттық бюроның шағымын қарастыруда

Аты-шулы Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты іс қайта тегелуі мүмкін. Себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бас прокуратураға осындай ұсыныс айтып, хат жолдаған. Бұл туралы Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Қазір бұл шағым қарастырылу үстінде екен. Естеріңізге сала кетсек, Бағдат Мәнізоровтың үстінен бұған дейін Ұлттық бюро алаяқтық бабы бойынша іс қозғаған болатын. Алайда, Бас прокуратура бұл істе қылмыс құрамы жоқ деген шешім шығарып, істі тоқтатып тастады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу