БАС ПРОКУРАТУРА ҮНДЕУІ: АРАНДАТУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ҮШ АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Қордайдағы жанжалды ушықтырып, арандату әрекетін жасағандардың кім екені анықталды. Әзірге 3 адам ұсталған. Бас Прокуратура бүгін осындай мәлімдеме жасап, көпшілікті фейк ақпарттарға ілеспеуге және таратпауға қатаң ескерту жасады. Себебі оның жазасы ауыр болмақ. Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың мәлімдеуінше, Қордайдағы теке-тіресті өршітіп, жұртты бас көтеруге шақырғандардың екеуі 30 және 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны. Арандату мақсатындағы үндеулерін фейсбукте жариялаған. Ал үшіншісі 37 жастағы тараздық. Ват-сап мессенджерінде келеңсіз мәлімдеме таратқан. Қазір үшеуіне де қатысты Қылмыстық кодекстің «азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу