БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МИТИНГКЕ ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Карантин кезінде митинг өткізуге болмайды. Кімде-кім шектеуге бағынбаса әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаев осылай деп халыққа ескертіп өтті. Оның үндеуі ведомоство сайтында жарияланған. Айтуынша, қарсылық танытудың да тәртібі бар. 6-шы маусымда елімізде «Бейбіт жиындар» туралы заң күшіне енеді. Оған сәйкес ұйымдастырушы 5 күн бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлауы тиіс. Оның ұсынысы 3 күнде қаралып, жауап келуі керек. Ал көшеде наразылық шеруімен жүріп өткісі келгендер, әкімдікке 10 күн бұрын айтулары қажет. Бұдан бөлек, әр өңірде мұндай жиындар үшін арнайы орындар болуы шарт. Еске салсам, сыртқы арандатушылар қазақстандықтарды 6-шы маусымда жаппай көшеге шығуға шақырған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу