Баспана кезегіндегі адамдардың бірыңғай республикалық базасы қосылады

Ал биыл жыл соңына дейін баспана кезегінде тұрған адамдардың бірыңғай республикалық базасы іске қосылады. Мұны Премьер-Министрінің орынбасары мәлімдеді. Жеңіс Қасымбек осы орайда «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй қандай тәртіппен берілетіндігін де айтты. Біріншіден көпбалалы отбасыларға ақысыз негізде жалдамалы тұрғын үй берілетін болады. Бұл үшін 2025 жылға дейін 350 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет үш жылдың ішінде 30 мың пәтер бөлу бойынша шаралар қабылдайды. Екіншіден, жыл сайын 3 мың 700 кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 32,8 млрд теңге бөлінеді. Үшіншіден, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасыларға, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға несие беруге 3 жыл ішінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы 50 млрд теңгеден бөлібек

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу