BEK AIR ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ҰШҚЫШТАРЫНА ЖАЛҒАН СЕРТИФИКАТТАР БЕРІП КЕЛГЕН

Ал атышулы «Бек Эйр» компаниясының өз ұшқыштарына жалған сертификат беріп келгені анықталды. Әуе тасымалдаушысының қулықтары бүгін жаппай әшкере болды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде мекеме басшылығы пилоттарға қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша қайта оқыту курсын аяқтағаны туралы ресми сертификаттар берген. Алайда олар сабақ және сынақ уақытында елдің басқа өңірлерінде ұшу тапсырмасында жүрген. Бұған қоса, Бек эйрдің екі ұшқышы Латвияда оқу орталығында Фоккер 70-100 әуе кемесін басқару бойынша сынақтан өтпей қалған. Оған қоса, әуе компаниясы авиациялық қозғалтқыштардың жағдайын бақыламаған. Енді аталған мекемеге жарты жыл уақыт беріліп отыр. Олар 6 айда олқылықтарды жоймаса, ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу