BEK AIR ҰШАҒЫНЫҢ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 23 МЛН ТЕҢГЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Алматыда Бек эйр ұшағының апатынын зардап шеккендерге 23 млн теңге өтемақы төленді. Бұл туралы қаладағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, өтемақы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің тізімінде тұрған 23 адамға аударылған. Әр қайсысына 1 млн теңге қала бюджетінен төленді. Айта кетейік, былтыр 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған Бек эйр ұшағының бортында болғандардың 23-і Алматы тұрғыны. Мемлекет басшысы барлық жапа шеккендерге өтемақы төлеуді тапсырған болатын. Айтпақшы, жуырда қайтыс болған Бек Эйр ұшқышының отбасына да өтемақы беру мәселесі қарастылып жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу