БЕК ЭЙР КОМПАНИЯСЫНЫҢ 4200 ЖОЛАУШЫСЫ БИЛЕТТЕРІН ҚАЙТАРМАҒАН

Әуе апатынан кейін уақытша жұмысы тоқтатылған Бек Эйр компаниясының жолаушылары билеттерін қайтаруға асығар емес. Атап айтқанда, 4000 нан астам адам әлі күнге мекеме мамандарына жүгінбеген көрінеді. Жолаушылардың 10 қаңтарға дейін билет құнын толығымен қайтарып алуға немесе басқа әуе компанияларының қызметіне алмастыруға мүмкіндіктері бар. Мереке қарсанында жолаушылар легін игеру мақсатында Эйр Астана қосымша 5 әуе рейсін орындаған. Бұдан бөлек, мыңнан астам адам үшін қосымша темір жол вагондары шығарылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу