Белгілі Қазақстандық саясаткер, қытайтанушы Константин Сыроежкин 10 жылға түрмеге жабылды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған. Бұл туралы қоғамдық қор басшысы Ғалым Агелеуов өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді. Сот процессі жабық режимде өткен. Ал ҰҚК және сот қызметкерлері ешқандай ақпарат бермей отыр. Сондықтан аталған фактіге байланысты мардымды мәлімет жоқ. Константин Сыроежки өзінің кінәсын мойындамаған. Алайда аппеляциялық сотқа шағымданудан бас тартып, шығарылған шешімді биліктің ар-намысына қалдырдым» деп айтты дейді Ғалым Агелеуов. Сыроежкин Қытай саясатын зерттеп, ғылым академиясының ұйғыртану институтының қызметкері болған. Адам құқығы бойынша бюро басшысы Евгений Жовтис істе мемлекеттік құпиялар болғандықтан сот жабық режимде өтуі мүмкін дейді.