Бензин бағасы 160 теңгеге дейін өсуі мүмкін!

АИ-92 маркалы бензин бағасы 160 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның сөзінше қазіргі таңда бензин бағасының акцизі 8 теңге, ал бензинің литрі 150 теңге болып тұр. Егер де акциз құны 18 теңге болып бекітілсе, сәйкесінше бензин де шашамен 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін деді ведмство өкілі. Бірақ, бұл тек болжам ғана. Себебі бензин бағасының қалыптасуына тек акциз құны ғана емес, өзге де факторлар әсер етеді. Сондықтан нақты неше теңгеге қымбаттайтыны тек Салалық мемлекеттік органдар мен Үкімет келіскеннен кейін ғана белгілі болмақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу