Білім министрлігіндегілер 4 айлық көлемінде сыйақы алып келгені анықталды

Білім министрлігіндегілер 4 айлық көлемінде сыйақы алып, қыруар мелекеттік қаржыға жайлы кеңселер жалдап келген. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекабаевтың басқаруымен өткен жиында білім саласына қатысты осындай біртақар қылмыстардың анықталғаны айтылды. Бассыздыққа ведомствоның қол астындағы ұйымдар барған. Ұлттық бюроға мұндай былықтардың барын «AdalBilim» атты жоспарлау кеңсенінің жетекшісі Сергей Пен жекізе келіпті. Айтуынша, негізсіз премияны айлық жалақыдан 400 пайызға асыра алған бөлімдер де бар екен. Мәселен, «Кәсіпқор» холдингі 1,5 мың жарым шаршы метр кеңсені 52,5 млн теңгеге жалдап келген. Мұнда бір орынбасардың өзі 144 шаршы метрлік кабинетте отырыпты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы да заңды бұзғандардың қатарынан табылды. Бір жұмыс үшін орындаушыға бірнеше есеге жалақы төленген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу