Бір реттік несиелік жеңілдікті тағы 57 мың адам алады

Бір реттік несиелік жеңілдікті тағы 57 мың адам алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, бұл бастапқы тізімге ілікпей қалған азаматтарға қатысты. Әрине, басым бөлігі көпбалалы. Олардың тізімге ілікпей қалуының себебі бұған дейін аты-жөндерінің АХАЖ-дың онлайн базасынан шықпауы болған еді. Нақтасақ, 2008 жылға дейін отбасын құрып, бірақ электронды жүйеге алынбағандар. Сондықтан Үкіметтің екінші қайтара қосымша тізім жасауына тура келген. Министр акцияны толық аяқтау үшін жыл соңына дейін 9 млрд теңгенің бөлінуі тиіс екенін айтады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу