Бір жылда 600-ге жуық медицина қызметкері жауапқа тартылады

Жылына 600-ге жуық медицина саласының маманы жауапқа тартылады. Олардың ішінде сотталып, немесе лицензиясынан айырылғандар, сондай-ақ қатаң сөгіс алғандары да бар. Мұндай деректі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының мамандары хабарлады. Ал, ақ халаттылардың жұмысына көңілі толмай шағымданатындар қатары бір жылда он мыңнан асып кетеді екен. Шағымданушылардың басым бөлігі дәрігерлердің өз жұмысына салғырт қарайтынына наразы. Деседе медицина мамандары мұндай жағдай дамыған мемлекеттерде де кездесетінін айтады. Ақпарат заманында кез-келген науқас министрге хат жаза алатынын ескерсек, дәрігерлер кәсіби біліктілігін арттыруға бар күшін салатыны анық.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу