Бірнеше өңір кез-келген уақытта жарықсыз қалуы мүмкін

Еліміздегі бірнеше өңір кез келген уақытта жарықсыз қалуы мүмкін. Себебі республикамызда электр желілерінің 70 пайызға жуығы тозған. Бұл энергетика министрлігінің ақпараты. Әсіресе Шығыс Қазақстандағы жағдай жақсы емес. Ондағы электр желілерінің 81% -ы ауыстыруды қажет етеді. Ал Батыс Қазақстанда – 80%, Қостанай облысында -74%-ы ескірген. Бұл - алаңдатарлық мәселе. Неге дейсіздер ғой ? Оны түсіндіру де артық шығар. Естеріңізде болса, өткен айдың 110-ы күні Елордамыздың сол жағалауы электр энергиясыз қалып, тұрғындар жарықпен қоса судан, жылудан да қағылды. Жалпы саны 25 нысан мен 7 тұрғын үй кешенінің халқы күні бойы өлместің күнін кешті. Бір күнде апокалипсис бола жаздады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу