БІРТАҚАР ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ

Елімізде бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді. Жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамының таратқан ақпарына сәйкес, 15 қыркүйектен Нұр-Сұлтан-Өскемен бағытындағы пойыз күн ара жүретін болады. Елорда мен Алматыға қатынайтын №4 пойыз тақ сан күндері жөнелтілсе, керісінше Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталған күні жұп күндерге ауысты. Оңтүстік Астанадан Шымкентке жүретін теміржол транспорты күн аралық уақытқа қайта жанданып, жүру уақыты өзгертілді. 

Сонымен қатар, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жолаушылар пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады. Қай бағыттағы транспорт екені экрандағы кестеден көрсетілген. Назар аудару керек бір жәйт, аталған бағыттағы теміржол транспорттары қазан айынан бастап бағытын өзгертеді.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу